7.03.2017, 11:06
Оқылды: 56

Ақпәтерде жаңа мейрамхана ашылды

 

Ағайынды Мұрат, Самат Хасановтар ашқан «Қожа» мейрамханасы 300 орынға лайықталып жасалған. Бұнда қонақ бөлмеге қоса, құдалардың аяқ суытып, дем алуларына арналған орын бар. Сонымен қатар сұлулық салоны, балалар бөлмесі, мейрамхана жанынан ашылған кафе ақпәтерліктердің игілігіне қызмет етпек. 

Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы: «Ізгі істің жаршысы бола беріңіздер!» - деген ақ ниетін жеткізсе, еңбек ардагерлері Жайсаң Ақбай, Кәрім Өтеғұлов жылы лебіздерін білдірді. Өзге де ауыл тұрғындары тілектерін айтып, сый-сияпаттарын тарту етіп, ризашылықтарын жеткізді.
-Өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетем деген жандарға барынша жағдай жасалып отыр. Отбасымызбен ақылдаса келе былтырғы жылы мейрамхананың құрылысын бастап кеттік. Мейрамханада ауыл тұрғындарының өз уақыттарын көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде біз 17 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, - дейді мейрамхана иесі Мұрат Хасанов

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

 Қазталов ауданы, Ақпәтер ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале