Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты «Сатбор» ЖШС-на ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 278-бабы 1-бөліміне сәйкес жауапкершілікке тартты.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шетелдіктердің қатысуымен құрылған «Сатбор» ЖШС-ның тарапынан мұнай саласын ұйымдастырудан түскен түсімнен тыс, 2011 жылғы бонус үшін салықтық есеп декларациясында 454 млн астам теңгені төмендетіп көрсету дерегін анықтады. Сот аталған ЖШС-ны айыпты деп тауып, салық және басқа бюджетке міндетті төлемдердің 15 пайызы көлемінде 68,1 млн астам теңге әкімшілік айыппұл салды.
zhaikpress.kz