18.06.2026, 21:00
Оқылды: 7

Шыңғырлауда мемлекеттік қызметшілер арасында зияткерлік сайыс өтті

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Дән» мәдениет үйінде «QUIZ BATTLE» интеллектуалдық сайысы өтті.

image-18-06-26-06-04 (1)

Шара мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығы мен командалық бірлігін сынауды мақсат етеді. Додаға аудан мекемелерінен құралған 5 команда қатысты.

Жобаның ашылуында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Бисембаев қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталды, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттырудағы мұндай танымдық шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

image-18-06-26-06-04

Сайыс барысында қатысушылар тарих, мемлекеттік басқару, логика және мәдениет салалары бойынша қойылған күрделі сұрақтарға жауап берді.

Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Салтанат Халелова бұл интеллектуалдық сайыс мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімін шыңдап қана қоймай, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және командалық рухты қалыптастыруға көмектесетінін жеткізді.

image-18-06-26-06-05 (1) image-18-06-26-06-05

Тартысты өткен білім додасының қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Бірлік» командасы иеленді. Екінші орынды «Қыран» құрамасы місе тұтса, үздік үштікті «Аманат» командасы түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы марапаттарға ие болды.

Светлана Ешмат,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале