19.06.2026, 23:00
Оқылды: 52

Әлем кубогы: Жүсіпов, Тәшкенбай және Графеева жартылай финалға шықты

Қытайдың Гуйянь қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінің бесінші жарыс күніндегі күндізгі сессия аяқталды, деп хабарлайды olympic.kz.

1781859023

Фото: olympic.kz

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі жартылай финалға жолдама алып, өздеріне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов Өзбекстан өкілі Шавкаджон Болтаевты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Сондай-ақ 50 келіге дейінгі салмақтағы Санжар Тәшкенбай Қырғызстан спортшысы Анваржан Ходжиевтен басым түссе, әйелдер арасында 60 келіде бақ сынайтын Виктория Графеева да келесі кезеңге өтті.

Ал Лаура Есенкелді (70 келіге дейін) мен Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) ширек финалда қарсыластарына есе жіберіп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале