1.08.2026, 18:00
Оқылды: 0

Шыңғырлауда еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді

​Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев ауданның дамуына елеулі үлес қосқан, Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Туруняс Иманбаевты 80 жас мерейтойымен арнайы құттықтады.

image-01-08-26-03-33

Аудан басшысы мерейтой иесінің адал еңбекке толы саналы ғұмыры мен өмірлік тәжірибесі кейінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтіп, оған зор денсаулық пен отбасы амандығын тіледі.

​Туруняс Қазбекұлы еңбек жолын 1963 жылы астық қабылдау кәсіпорнында бастап, кейін училищеде нұсқаушы болып еңбек етті. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген соң да ауданның әр саласында мінсіз қызмет атқарды. Оның ерен еңбегі кезінде «Социалистік жарыстың жеңімпазы» атағымен, кейінгі жылдары Семей полигонының ардагерлеріне арналған мерекелік және мерейтойлық медальдармен жоғары бағаланды.

​Бүгінде өнегелі әке, ардақты ата болып отырған ардагердің өмір жолы – адал еңбек пен табандылықтың айқын үлгісі. Мұндай ел ағаларына құрмет көрсету ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын игі дәстүрдің көрінісі болды.

Светлана Байтенова, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале