21.06.2026, 17:00
Оқылды: 6

Мемлекеттік қызметшілер күні: Волейбол турнирінде БҚО әкімдігі жеңіске жетті

Қаратөбе ауданында Мұхит Мералыұлының 185 жылдық мерейтойы мен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай волейболдан аудан әкімінің кубогы ұйымдастырылды.

image-21-06-26-01-23 (1)

Шараның мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және әріптестік байланысты нығайту. Дүбірлі додаға облыс орталығы мен аудандардан келген құрама командалар қатысты.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы бас жүлдені иеленіп, аудан әкімінің кубогын қанжығасына байлады. Екінші орынды Шыңғырлау ауданы әкімдігінің құрамасы еншілесе, жүлделі үшінші орын Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

image-21-06-26-01-23

Сонымен қатар ойында ерекше шеберлік танытқан Шыңғырлау ауданының спортшысы Санат Саматов «Үздік шабуылшы» номинациясын иеленді.

image-21-06-26-01-23

Жоғары деңгейде өткен бұл спорттық шара қатысушылар мен жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мемлекеттік қызмет саласындағы азаматтардың ұйымшылдығын арттыра түсті.

Сара Әділ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале