22.06.2026, 13:00
Оқылды: 7

Ғылым саласын инвестициялау мәселелері талқыланды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» тақырыбында ғылыми-технологиялық семинар өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, мемлекеттік органдар мен қаржыландыру институттарының өкілдері, кәсіпкерлер, шаруа қожалығының жетекшілері және инвесторлар қатысты.

_gluster_2026_6_22_50c9100b10b636cf3bce6c1d0fefedd0_1280x720

Аймақ басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов семинардың маңызына тоқталып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды, инновацияны және технологиялық кәсіпкерлікті экономиканың тұрақты дамуының басты қозғаушы күштері ретінде айқындағанын атап өтті.

– Бүгінде өңірлердің алдында ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, ғылым мен бизнестің өзара байланысын нығайту және жаңа технологияларды экономиканың нақты секторына кеңінен енгізу міндеті тұр. Бұл бағыттағы жұмыстар өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Қалияр Шадиярұлы.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Е.Шевченко, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары М.Сутула, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры А.Наметов және университет ғалымдары ғылымды коммерцияландыру, технологиялар трансфері, агроинновациялар мен кадр даярлау мәселелері бойынша баяндама жасады.

Іс-шара барысында университеттің коммерцияландыруға дайын инновациялық әзірлемелері мен технологиялары таныстырылып, ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізу тәжірибесі ұсынылды. Сонымен қатар ғылыми ұйымдар мен бизнес құрылымдар арасында серіктестік байланыстар орнату және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында B2B форматындағы кездесулер өтті.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале