22.06.2026, 22:00
Оқылды: 160

1 шілдеден бастап пойыздағы төменгі және жоғарғы орын бағасы екі түрлі болады

Биылғы 1 шілдеден бастап жолаушылар пойыздарында жол жүру құнын айқындаудың жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Rail-news.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

3vLHof8z31qWBXX27jvQakIeroowA0YLGVGhSkbV

Фото: Rail-news.kz

Көлік министрлігі бекіткен жаңа әдістемеге сәйкес, бұдан былай пойыздардағы төменгі және жоғарғы орындардың билет бағасы арнайы коэффиценттер негізінде бөлек-бөлек есептелетін болады.

Баға қалыптастырудың бұл тәсілі тарифтік жүйені әлдеқайда икемді ету үшін енгізіліп отыр.

Жаңа ереже жолаушыларға өз қажеттіліктері мен жайлылық деңгейіне қарай, қалтасына қолайлы орындарды еркін таңдауға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале