Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.
Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.