22.06.2026, 22:15
Оқылды: 13

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

IMG_20260622_234838_439

Фото: aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале