22.06.2026, 23:15
Оқылды: 41

Тоқаев: Бізге сіздер сияқты көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиядағы Қазақстан азаматтарымен жүздесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

IMG_20260623_000608_326

Фото: aqorda_resmi

Кездесуде Мемлекет басшысы жастарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, білім, ғылым және инновация саласы заң жүзінде стратегиялық бағыт ретінде бекітілгенін атап өтті.

IMG_20260623_000604_081

​Жүздесуде Президент: «Елімізге сіздер сияқты білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет», – деп, шетелдегі дарынды мамандарды қолдау мемлекеттің басты міндеті екенін жеткізді.

Өз кезегінде студенттер Әлім-Сері Махамбәтәлі мен Аружан Болатбекова Брюссельдегі қазақстандық студенттер қауымдастығы мен қазақ тілі клубының жұмысын таныстырды.

IMG_20260623_000558_525

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың бастамаларына сәттілік тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале