Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиядағы Қазақстан азаматтарымен жүздесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: aqorda_resmi
Кездесуде Мемлекет басшысы жастарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, білім, ғылым және инновация саласы заң жүзінде стратегиялық бағыт ретінде бекітілгенін атап өтті.

Жүздесуде Президент: «Елімізге сіздер сияқты білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет», – деп, шетелдегі дарынды мамандарды қолдау мемлекеттің басты міндеті екенін жеткізді.
Өз кезегінде студенттер Әлім-Сері Махамбәтәлі мен Аружан Болатбекова Брюссельдегі қазақстандық студенттер қауымдастығы мен қазақ тілі клубының жұмысын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың бастамаларына сәттілік тіледі.