Шыңғырлау ауданында ұлттық спортты серік еткен жастардың бастамасымен арқан тарту спорты дамып келеді.

Бүгінде ауданның Алмаз, Ащысай, Ақшат және Қарағаш ауылдарында арнайы командалар құрылып, жүйелі түрде жаттығуды қолға алды. Сайыстарда оқ бойы озық шығып жүрген Алмаз ауылының спортшылары көршілес аудандардағы бәсекелерде де топ жарып үлгерді.
Жақында жігерлі жастарды аудан әкімінің орынбасары Айбек Исламбеков қабылдап, арнайы алғысхаттар мен спорттық сөмкелер табыстады. Жиында ұлттық спортты жаңа деңгейге көтеру мақсатында аудан көлемінде арқан тарту спорты федерациясын құру мәселесі талқыланды.

«Ұлттық ойын — ұлттың сәні мен жаны. Осындай жігерлі жастар барда халқымыздың рухани мұрасы өлмейді. Жастардың бұл бастамасына әрдайым қолдау көрсетіледі», — деді Айбек Исламбеков.
Шыңғырлаулық спортшылар алдағы уақытта әр ауылдан команда шығарып, аудан намысын облыстық және республикалық деңгейде қорғауды жоспарлап отыр.
Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы