24.06.2026, 11:15
Оқылды: 19

Е. Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барады

2026 жылғы 26 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барады. Сапар барысында бірінші вице-министр өңір жұртшылығымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ маңызды  нысандарды аралайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды. 

_gluster_2026_6_24_0680380e04c4b0748ba3fca11320c1fd_1280x720

Сурет: gov.kz

Жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, олардың түйткілді проблемалары қарастырылатын болады.

Бірінші вице-министрге жолданған сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ-нің ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «E-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы (suraktar.kz).

Сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлері арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172 74 37 23, 74 36 79).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале