25.06.2026, 15:00
Оқылды: 21

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады

Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

photo-output-65

Сурет: Polisia.kz

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім киюге шектеу енгізілді. Алайда бұл талап медициналық көрсетілімдерге, ауа райы жағдайларына, қызметтік міндеттерді орындауға, азаматтық қорғау шараларына, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қолданылмайды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өзгерістің мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және азаматтарды сәйкестендіру мүмкіндігін арттыру.

Заң дәстүрлі діни киімдерге қатысты емес және ар-ождан мен діни сенім бостандығын шектемейді.

Аталған талап “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңның 75-бабының 3-тармағында көзделген. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале