25.06.2026, 21:00
Оқылды: 57

Кәсіпкерлер үшін жаңа цифрлы сервис іске қосылды

ҚР Қаржы министрлігі «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» порталында «Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату» жаңа сервисін және ЖШС-ны жеңілдетілген тәртіппен тарату жөніндегі электронды қызметті іске қосты.

_gluster_2026_6_24_fb0a2904e7175d692a320e103c819843_1280x720

Фото: gov.kz

Бұдан былай кәсіпкерлер мемлекеттік органдарға бармай-ақ және түрлі ақпараттық жүйелерге ауыспай, бизнесті толығымен электронды форматта жабуға өтініш бере алады. Порталда ЖК үшін барлық процесс автоматты түрде, ал ЖШС үшін ішінара автоматтандырылған режімде орындалады. Бұл ретте қызметті тоқтатудың қолданыстағы заңдық тәртібі өзгермейді, барлық рәсім бұрынғыдай еліміздің салық заңнамасымен реттеледі. Жоба кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр және бірінші кезеңде сервис жеке кәсіпкерлерге, резидент заңды тұлғалар мен олардың филиалдарына қолжетімді. Болашақта бұл мүмкіндікті жеке практикамен айналысатын тұлғалар да пайдалана алады.

Жаңа қызметті қолдану үшін кәсіпкерлер ЭЦҚ немесе СМС-код көмегімен порталға кіріп, «Профиль» бөлімінде өз рөлін таңдап, тиісті өтінішті толтырып, қол қойса жеткілікті. Өтініштің қаралу барысын жеке кабинетте онлайн бақылауға болады.

ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов бұл порталдың бизнеске бағытталған біртұтас цифрлы экожүйе ретінде дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жүйе жеке кабинеттің мүмкіндіктерін кеңейтіп, бизнес өкілдеріне артық әкімшілік кедергілерсіз, уақытты үнемдей отырып жұмысты тез әрі жайлы аяқтауға жағдай жасайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале