«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 25-30 маусым аралығында Алматы – Достық бағыты бойынша қатынайтын №207/208 және №211/212 тальго пойыздарының «Турист» санатындағы вагондарына жол жүру билеттері 20% жеңілдікпен ұсынылады.

Фото: PR_KTZh
Бұл жеңілдік купедегі төменгі және жоғарғы орындардың барлығына бірдей қолданылады. Жетісу өңірінің көрікті аймақтары арқылы өтетін аталған бағыт жаз мезгілінде Алакөл жағалауына демалуға баратын жолаушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Жеңілдікпен берілетін билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жеке билет кассаларынан, сондай-ақ барлық мобильді билет сату сервистерінен сатып алуға болады. Кез келген қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы тәулік бойы біле алады.