2.07.2026, 9:15
Оқылды: 16

Казталов ауданының туристік әлеуеті таныстырылды

Орал қаласында өткен «AQJAIYQ TOURISM FEST – 2026» туристік фестивалі Батыс Қазақстан өңірінің туристік мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Ауқымды шараға Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев бастаған аудан делегациясы да қатысып, ауданның табиғи, тарихи және мәдени ерекшеліктерін қамтыған туристік әлеуетін көпшілік назарына ұсынды.

image-30-06-26-10-10

Фестиваль аясында ауданның арнайы әзірленген туристік маршруты таныстырылып, оған енгізілген көрікті орындар, тарихи-мәдени мұра нысандары мен табиғи аймақтар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Казталов ауданының көрме алаңында өңірдің өзіндік ерекшелігін айқындайтын ұлттық қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері мен ұлттық тағамдары қойылып, келушілерге дәм ұсынылды. Сонымен қатар ауданның туристік әлеуетін дәріптейтін ақпараттық материалдар таратылып, өңірдің брендтік өнімдері кеңінен насихатталды.

image-30-06-26-10-10-5

Фестиваль барысында ұйымдастырылған шеберлік сағаттары, көрмелер, мәдени бағдарламалар мен таныстырылымдар қонақтардың қызығушылығын тудырып, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

image-30-06-26-10-10-11

«Бабалар ізімен» ұлттық спорт лигасының қорытындысы бойынша арқан тартыс сайысында жүлделі І орынды иеленген Көктерек ауылының құрамасы гала-концерт барысында салтанатты түрде марапатталды. Ал мерекелік кештің шымылдығын өңірге кеңінен танымал жерлестеріміз Үлгілі Қыз Жібек ансамблі түріп, әсерлі өнерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

image-30-06-26-10-10-8 image-30-06-26-10-10-7 image-30-06-26-10-10-9

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале