4.07.2026, 10:00
Оқылды: 10

Есірткімен күрес: Желідегі 6 мың заңсыз сайттың көзі жойылды

ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің мәліметінше, жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде 7 тоннадан астам есірткі, оның ішінде жарты мың килограмнан астам «синтетика» тәркіленді.

_gluster_2025_2_17_7986c4525b5c483ee6511d91e8075170_1280x720

Фото: gov.kz

Комитет төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың мәлімдеуінше, есірткі қылмысына қарсы күрес 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатыр. Жедел шаралар нәтижесінде 15 жасырын есірткі зертханасы жойылып, 6 ұйымдасқан қылмыстық топтың (оның ішінде біреуі трансұлттық) әрекетіне тосқауыл қойылды. Сондай-ақ Украина аумағында шетелдік әріптестермен бірлесіп, қазақстандықтарды есірткі схемаларына тартқан ірі call-орталық жойылып, 11 күдікті ұсталды.

Есірткі саудасының киберкеңістікке ауысуына байланысты интернет желісінде де ауқымды жұмыс ұйымдастырылды. «Кибернадзор» жүйесі арқылы заңсыз контенті бар 6 мың сайт бұғатталса, «Антифрод-орталық» арқылы есірткі айналымына қатысты 9 мың банк картасы шектеліп, 135 миллион теңге қаражат бұғатталды. Бұған қоса, заңсыз прекурсорлар мен «дропперлік» қызмет үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Салада халықаралық ынтымақтастық та нығайып келеді, Қазақстан есірткі қылмысына қарсы жаһандық үйлестірудің маңызды алаңына айналды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале