14.03.2017, 13:12
Оқылды: 31

Ақсайды аралап, жарапазан айтты

Screenshot_2017-03-14-22-10-54-1«Көрісу айт» мерекесінің тойлануы батыс өлкесінде кенінен үрдіс алған. Осы орайда дәстүрімізді дәріптеп, өзгеше бір реңмен атап өту мақсатында аудандық демалу орталығының дәстүрлі әншілері мен қызметкерлері Ақсайды аралап көрісіп, жарапазан айтып шықты.


«Тайыр» базары, «Трнава» сауда үйі, аудандық аурухана, «Алтындар» сауда үйі секілді халық көп шоғырланған орындарға барып сый-сыяпаттар тару етті, бата берді. Күмбірлеген домбырамыздың қостауымен әдемі қазақы әндерімізден шашу шашылды. Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетілді.

Қазақы салтымызды дәріптеп, қазақы үлгідегі киімдер киіп, көпшілікке арнайы барып «Көрісе келдік, ағайын», - деген жастарымызға, ұжым қызметкерлеріне халықтың шексіз алғыстары айтылып, ыстық лебіздері жолданды.

Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген халық.Осыған орай көпшілікке тәтті-дәмділерден тарту жасалды.Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниетпен жасалған болатын.

Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бүгінгі мерекеде аудан жұртшылығы мәре-сәре болып, бала-шаға мәз-мейрам болып, бір-бірлеріне амандық-саулық тілесіп, үлкендердің ақ батасын алып тарқасты.

Ұлдай Таңбайқызы,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале