5.07.2026, 17:30
Оқылды: 82

Мәслихаттың бұрынғы депутаты 2,6 млрд теңге субсидияны жымқырды деп айыпталуда

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген 2,6 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

жп ақша (10)

Қылмыстық схеманы Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты ұйымдастырған. Ол Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы өзіне бағынысты 29 шаруа қожалығы арқылы өнеркәсіптік таңқурай алқаптарын отырғызуға элиталық көшеттер сатып алынды деген жалған құжаттар рәсімдеп, мемлекеттен заңсыз субсидия алып отырған. Іс жүзінде бұл көшеттер мүлдем жеткізілмеген және шаруашылықтардың таңқурай өсіруге мүмкіндігі де болмаған.

Ұрланған қаражаттың 491 миллион теңгесі қор нарығында бағалы қағаздар сатып алу үшін күдіктінің жұбайының атына ашылған брокерлік шотқа аударылған. Тағы 400 миллион теңгесі «iSolutions Capital» микроқаржы ұйымы арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылса, 170 миллион теңгесі Қонаев қаласындағы казинода құмар ойындарға жұмсалған. Қазіргі уақытта сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтері, 3 автокөлігі, жеке үйі мен бағалы қағаздары бұғатталды. Үш күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале