5.07.2026, 10:00
Оқылды: 7

Алғабастағы №316 учаскеде ерекше жандардың дауыс беруіне жағдай жасалған

Сырым ауданы Алғабас ауылдық округіндегі №316 сайлау учаскесінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.

photo_5354886335153511611_y

Сайлау заңнамасына сай, мұнда көру және есту қабілеті төмен тұрғындар үшін арнайы қолайлы орта қалыптастырылған. Атап айтқанда, көзі нашар көретін сайлаушылар үшін арнайы үлкейткіш құралдар мен қажетті жабдықтар қойылған. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ерекше жандарға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дауыс беру рәсімінің барынша қолжетімді әрі ашық өтуін қамтамасыз етуде.

photo_5354886335153511612_y

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале