Сырым ауданын қарасты Алғабас ауылдық округіндегі №316 сайлау учаскесінде уақыт озған сайын сайлаушылар белсенділігі артып келеді.

Ауыл тұрғындары маңызды саяси науқанға отбасы мүшелерімен бірге келіп, дауыс беруде. Солардың қатарында Жұмагелді мен Ботагөз Нұраевтар, орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлсім Қанатова және мектептің кіші қызметкері Оразбек Ғабдуллин бар. Сондай-ақ саяси шарадан ауыл ақсақалы Ұлмекен Сағынғалиева да шет қалмай, учаскеге арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері тұрғындардың бұл қадамын ауызбіршілік пен жоғары жауапкершіліктің көрінісі деп атап өтті.

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы