5.07.2026, 19:30
Оқылды: 2

Шыңғырлаулықтар арқан тартудан үздік шықты

Орал қаласында өткен «Тойбастар» фестивалі аясында арқан тарту жарысы ұйымдастырылды.

image-05-07-26-05-34

Өңірдің мықты ұжымдары қатысқан бәсекеде Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінің командасы барлық қарсыласын басып озып, І орынды иеленді.

​Аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт әдіскері әрі команда бапкері Самғат Жантөринов бұл бәсекеде спортшылардың бір мезетте жұмыла әрекет етуі жеңіске жеткізгенін айтып, алдағы уақытта да аудан намысын қорғап, жастарды ұлттық спортқа баулуды жалғастыратындарын жеткізді.

Светлана Байтенова, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале