Қазталов ауданы Қонысбай елді мекенінің тұрғыны Зура Есекенова №240 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Саяси науқанға ауылдастарымен бірге белсенді қатысқан ол дауыс беруді әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі деп санайтынын жеткізді. «Туған өлкеміздің болашағына деген жанашырлығымызды таныттық деп білемін. Әр азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, ауылымыздың келешегі үшін жауапкершілік танытса, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болады», — деді Зура Есекенова.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы