5.07.2026, 9:55
Оқылды: 7

№316 сайлау учаскесі: Алғабаста тұрғындардың белсенділігі жоғары

Сырым ауданын қарасты Алғабас ауылдық округіндегі №316 сайлау учаскесінде уақыт озған сайын сайлаушылар белсенділігі артып келеді.

photo_5354886335153511602_y

Ауыл тұрғындары маңызды саяси науқанға отбасы мүшелерімен бірге келіп, дауыс беруде. Солардың қатарында Жұмагелді мен Ботагөз Нұраевтар, орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлсім Қанатова және мектептің кіші қызметкері Оразбек Ғабдуллин бар. Сондай-ақ саяси шарадан ауыл ақсақалы Ұлмекен Сағынғалиева да шет қалмай, учаскеге арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Комиссия мүшелері тұрғындардың бұл қадамын ауызбіршілік пен жоғары жауапкершіліктің көрінісі деп атап өтті.

photo_5354886335153511608_y photo_5354886335153511601_y photo_5354886335153511604_y

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале