Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде әкім сайлауы қызу жалғасуда.

Саяси науқанға алғаш рет қатысып, 18 жасында өз таңдауын жасаған Жасмин Бақытқа учаскелік комиссия төрағасы арнайы естелік сыйлық табыстады.
Сондай-ақ тұрғындар дауыс беруге отбасыларымен де белсенді келіп жатыр. Солардың бірі — Ақбұлақта 1974 жылдан бері тұратын Мороз жанұясы.

«Ауылымызда 52 жылдан бері тұрамыз. Алдағы уақытта сайланатын әкімнен ауыл ішінде тәртіп орнатып, дамуына үлес қосады деп үміттенеміз. Біз үшін ең басты мәселе — жол. Ауылға қатынайтын 15 шақырымдық жол мен ішкі көшелерді асфальттау қажеттігі айтылып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Сонымен қатар соңғы кездері ауыл ішінде малдың еркін жайылуын ретке келтіру қажет», — деп атап өтті Мороз отбасы.