5.07.2026, 20:50
Оқылды: 3

Ақпәтер, Болашақ, Қараоба округтерінде дауыс беру мәресіне жетті

Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтерінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру аяқталды.

image-05-07-26-08-49-1

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де барлық сайлау учаскелері жабылды.

​Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері заңнамаға сәйкес бюллетеньдерді санау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дауыс беру процесі күні бойы заң талаптарына сай, қалыпты жағдайда өтті.

image-05-07-26-08-52

Жайна Қабиболла, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале