7.07.2026, 19:00
Оқылды: 14

Ел экспортының негізгі бағыттары: Қытай мен Италия көш бастап тұр

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд долларды құрады.

photo_5359464572722551364_y

Фото: stat_gov_kz_official

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9%-ға артқан. Есепті кезеңде отандық экспорт көлемі 24 млрд долларға жетсе, елімізге сырттан әкелінген импорт көлемі 20,9 млрд доллар болды.

Сыртқы экономикалық байланыста Қазақстан экспортының негізгі бағыттары ретінде Қытай (4,9 млрд доллар), Италия (4 млрд доллар), Ресей (2 млрд доллар), Түркия (1,7 млрд доллар) және Өзбекстан (1,4 млрд доллар) мемлекеттері көш бастап тұр. Ал елімізге тауар жеткізуші ірі импорттаушы серіктестер қатарында Ресейден 6,6 млрд доллардың, Қытайдан 6 млрд доллардың, Германиядан 1 млрд доллардың, АҚШ-тан 0,9 млрд доллардың және Оңтүстік Кореядан 0,5 млрд доллардың өнімі тасымалданған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале