7.07.2026, 21:00
Оқылды: 89

Қазақстанда газдандыру деңгейі 80 пайызға жеткізіледі

Қазақстанда өңірлерді газбен қамту жұмыстары жеделдетіліп, халықты табиғи газбен қамту деңгейі 2035 жылға қарай 80%-ға жеткізіледі, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

stroganova-gas-burner-6935481_1920

Фото: pixabay.com

Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім еткендей, бүгінде еліміздің газбен қамтылу көрсеткіші 64,2%-ды құрап, табиғи газға 13,1 млн адам қол жеткізген. Биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту бағытында 40 жоба жүзеге асырылады. Еліміздің солтүстік өңірлерін, соның ішінде Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын көгілдір отынмен тұрақты жабдықтау үшін Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында «Есіл – Астана» магистральдық газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ министр ел аумағы арқылы өтетін газ транзитінің көлемі де артып келе жатқанын, 2026 жылға арналған жоспар 73,3 млрд текше метрді құрайтынын, ал алғашқы 5 айда нақты көрсеткіш 30,3 млрд текше метрге жеткенін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале