Бұл әрекеттер инвесторлардың геологиялық тәуекелдерін төмендетуге және іздеу жұмыстарының қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Мұндағы стратегиялық мақсат – қолданыстағы кен орындарын игерумен қатар, жаңа ірі көмірсутек кен орындарын ашу арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласын ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету.