8.07.2026, 20:00
Оқылды: 15

Джакартадағы Азия чемпионаты: Бұрымды боксшыларымыз ширек финалдан өтті

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

1783515939

Фото: olympic.kz

Жарыс барысында, дәлірек айтқанда 8 шілде күні U23 санатында ширек финалдық жекпе-жектер мәресіне жетті. Нәтижесінде еліміздің төрт бұрымды боксшысы сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Дүбірлі доданың келесі кезеңінде Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Анита Адишева (51 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) және Аяжан Ермек (60 келіге дейін) финалға шығу үшін бақ сынайды. Өкінішке қарай, Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін) мен Аружан Жаңабаева (65 келіге дейін) 1/4 финалда қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, U23 санатындағы жартылай финалдық бәсекелер 12 шілде күні өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале