8.07.2026, 20:30
Оқылды: 7

«Мектеп жабылса, ауыл жойылады»: Бөкей ордасының әкімі шұғыл тапсырма берді

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте өңір өміріне қатысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды.

740779391_1013436294652342_2796650038211228666_n

Жиынға ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары түгел қатысып, күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды ортаға салды. Кеңесте алдымен тамыз айында өтетін әскери жиынға дайындық барысы сөз болып, 27-50 жас аралығындағы азаматтарды оқу-жаттығуға шақыру және олардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселесі пысықталды. Сонымен қатар тамызда өтетін саяси науқанға әзірлік барысы баяндалып, аудандағы сайлау учаскелерінің толықтай дайын екендігі мәлімделді.

739332245_1013436367985668_4432755272972319199_n

Бұған қоса бірінші жартыжылдықтағы бюджет қаржысының игерілуі мен мемлекеттік рәміздердің қолданылуына жасалған мониторинг нәтижелері де ортаға салынды.

741745506_1013436684652303_3637303055861484690_n

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы көше сәнін бұзып, антисанитария тудырып тұрған иесіз үйлерді полициямен бірлесе отырып, заң аясында сүруді тапсырды. Сонымен қатар Нұрлыбек Даумов бала санының аздығынан жабылу алдында тұрған шалғай ауылдардағы бастауыш мектептердің жайын ерекше қозғады. Мектептің жабылуы күні ертең елді мекен мәртебесінен айырылуға және жұмыссыздыққа әкелетінін ескерткен аудан әкімі бұл мәселені қыркүйекке дейін шұғыл түрде жан-жақты зерделеп, тиісті шараларды қолға алуды міндеттеді. Тапсырмалардың орындалу межесі белгіленіп, арнайы хаттамаға енгізілді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале