9.07.2026, 14:45
Оқылды: 12

«Білім жүйесінің синергиясы» – Сырым ауданының еншісінде

Батыс Қазақстан облыстық басқармасының 2025 - 2026 оқу жылын қорытындысы бойынша өткен жиынында Сырым аудандық білім беру бөлімі “Білім жүйесінің синергиясы” аталымына ие болды. Марапатты Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбыл қабылдады. 

06639981-0462-49b0-ab6d-46160f0bb402

Аудандық білім беру бөлімінің синергия саласындағы табысы - мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың, оқу орнының және қоғамның бірлескен, үйлесімді әрекетінің жемісі.

Қазіргі уақытта аудан мектептері арасында тәжірибе алмасу жүйеленді. Әдістемелік жұмыстар жаңа мазмұнға ие болды. Педагогтердің кәсіби дамуына көңіл бөлінді. Біз үшін педагогтердің кәсіби жетістіктері, оқушылардың ғылыми және зияткерлік байқаулардағы белсенділігі, әдістемелік жұмыстары бағалы. - дейді бұл марапат туралы Сырым ауданының білім беру бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, педагог-зерттеуші Гүлдана Шайхиева.

 

Б. Шерім,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале