Орал қаласында Самал көшесінде тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт орын алды6 - деп жазады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы.

ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде алтыншы қабаттағы баспалдақ алаңында жеке заттардың жанғаны анықталды. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, 15 тұрғын, оның ішінде 3 бала эвакуациялады.
Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.