Rail-news.kz басылымының хабарлауынша, жазғы тасымал кезеңінде Алматы еліміздің ең ірі теміржол тораптарының бірі ретінде жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Фото: rail-news.kz
2026 жылдың басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен Алматы бағыты бойынша 992 мыңнан астам жолаушы сапар шеккен.
Қазіргі уақытта жолаушылар ағынын реттеу және сұранысты қанағаттандыру мақсатында Алматы бағытында барлығы 26 жұп пойыз тұрақты қатынайды. Оның ішінде 13 стандартты пойыз, 11 заманауи «Тальго» пойызы және 2 қала маңы бағыты бар. Пойыздар Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Маңғыстау сияқты отандық өңірлермен қатар, Ташкент, Саратов, Қазан және Новосібір сынды халықаралық бағыттарды да қамтиды.
Жолаушылар жол жүру билеттерін bilet.railways.kz ресми сайтынан, вокзал кассаларынан және мобильді қосымшалар арқылы сатып ала алады. Сондай-ақ кассалар мен ресми сайтта билеттер таусылған жағдайда босаған орындарды кезек бойынша иеленуге мүмкіндік беретін «Күту парағы» қызметі жұмыс істейді.