13.07.2026, 12:00
Оқылды: 7

Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы әуе рейстерінің саны артып келеді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жазды. 
8a244a6c17e0e4a37ba50ff2d03db3be_1280x720

Сурет: gov.kz

Мысалы, осы жылдың тамыз айынан бастап AJET Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша әр бағытта ұшулар санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады.

Ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале