«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға бұдан былай арнайы орындарға пойыз билетін рәсімдеу үшін теміржол кассаларына барудың қажеті жоқ.

Фото: rail-news.kz
Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіруді қамтамасыз ете отырып, жүйені жетілдірді.
Бұл мүмкіндік ҚТЖ электрондық билеттеу жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында іске асты. Нәтижесінде еліміздегі осы санаттағы 90 мыңға жуық адам әлеуметтік маңызы бар пойыздардағы арнайы орындарға билеттерді үйден шықпай-ақ онлайн рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.