15.07.2026, 17:15
Оқылды: 8

Түлектер тартуы: Талдыбұлақта мектепке апарар көше жарықтандырылды

Сырым ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында игі бастама жүзеге асты. Талдыбұлақ орта мектебінің 1979 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай туған ауылына тағылымды тарту жасап, көшені жарықтандырды.

IMG_2394 (1)

1979 жылы туған түлектер ауылдағы Ұлы Отан соғысының ардагері Есмадияр Көрпеевтің есімі берілген кіреберіс көшеге 15 дана темірбетон бағана мен заманауи жарықшам орнатты. Нәтижесінде мектепке апаратын жарты шақырымға жуық жол толықтай жарықтандырылып, тұрғындар мен оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалды.

Бұл игі іс – туған жерге деген жанашырлықтың, білім алған алтын ұяға деген құрметтің және әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Әсіресе кешкі уақытта мектепке қатынайтын балалар үшін көшенің жарықтандырылуы қауіпсіздікті арттыра түсті.

Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Азамат Абдрашев ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде ауыл балалары мен жастары үшін жаңа жабық спорт нысанын салу қажеттілігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

IMG_2405 (1)

Осындай туған жерге жанашыр азаматтардың бастамалары ауылдың көркеюіне ғана емес, кейінгі буынға үлгі болатын игі дәстүрдің қалыптасуына да оң ықпал етеді.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале