18.07.2026, 9:30
Оқылды: 9

Шыңғырлаудағы нысандардың жылу жүйелері жіті бақылауда

Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары М. Жанғазыұлы әлеуметтік нысандарды аралап, жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.

image-18-07-26-12-52

Жұмыс сапары аясында білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелеріндегі қазандықтардың жай-күйі, жөндеу жұмыстарының барысы мен қатты отын қорының жасақталуы қаралды.

image-18-07-26-12-52-3

​Нысан басшыларымен кездесуде әкім орынбасары жылудың уақтылы берілуі тұрғындардың жайлылығына тікелей әсер ететінін ескертіп, дайындықты кестеге сай аяқтауды тапсырды. Аралау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға инженерлік желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, кемшіліктерді тез арада жою және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау міндеттелді.

image-18-07-26-12-52-1

Қысқа дайындық барысы аудан басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Нұрғали Төлеген, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале