Ұлттық Банк балалардың қаржылық сауатын арттыру мақсатында «QARJY ALEMI» атты жаңа анимациялық мультсериал шығарды.

Фото: видеодан скриншот
Жоба ақшаны ақылмен жұмсау, бюджетті жоспарлау және үнемдеу әліппесін балаларға қызықты мультфильм форматында түсіндіреді.

Туындының бас кейіпкері Барыс пен оның достары жас көрермендерге несие мен инфляцияның не екенін ұғындырып, қаржы алаяқтарынан қорғану жолдарын үйретеді. Бұл сериал балалардың қаржы әлемімен алғашқы таныстығы ғана емес, сонымен бірге ересектер үшін де баламен бірге ақшаға қатысты маңызды тақырыптарды талқылауға таптырмас құрал болмақ.