18.07.2026, 14:39
Оқылды: 95

Құрылтай-2026: Учаскеден тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Баннер каз Құрылтай сайлау

Денсаулық жағдайына, сырқат отбасы мүшесін күтуге байланысты немесе сайлау учаскесі жоқ шалғай өңірлерде жүрген азаматтардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге құқығы бар.

​Ол үшін сайлаушы сайлау күні (23 тамыз) жергілікті уақытпен сағат 12:00-ден кешіктірмей, өзі тіркелген аумақтағы учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жолдауы қажет.

​Дауыс беру күні комиссия мүшелері көрсетілген мекенжайға барып, жеке куәлік негізінде сайлаушыға бюллетень табыстайды. Бюллетень алған сәтте сайлаушы өтінішке өз қолын қояды. Дауыс беру процесі кезінде сайлаушының ерік білдіру құпиялығы толық қамтамасыз етіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале