18.07.2026, 18:30
Оқылды: 6

Шыңғырлауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Шыңғырлау ауданының орталығында жергілікті тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

image-18-07-26-04-33 (2)

Шараға аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары мен ауылдық округ тұрғындары белсене қатысып, өз өнімдерін нарық бағасынан төмен құнда ұсынды.

​Сауда қатарында «Каменный» шаруа қожалығы картоп пен аскөк, «Рудь» жеке кәсіпкері балғын қияр, ал «Дүйсенов» кәсіпкерлігі түрлі көкөністер мен жеміс-жидектерді саудалады. «Питинов» жеке кәсіпкері тұрғындарға жаздың басты бақша өнімдері – қарбыз бен қауынды тиімді бағамен сатты. Сондай-ақ Ащысай ауылдық округінен табиғи сүт өнімдері мен жұмыртқа, Ақтау ауылдық округінен қой еті мен балық жеткізілді. Азық-түліктен бөлек, тұрғындарға үй алмалары, киім-кешек және Р. Смирнов ұсынған қысқы маусымға қажетті отын да сатылымға шықты.

image-18-07-26-04-33

​Таңертеңнен басталған қызу саудада аудан жұртшылығы өздеріне қажетті тауарларды сатып алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Мұндай шаралар жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, халықты отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таппақ.

image-18-07-26-04-33 (1)

Сара Шакрат, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале