21.07.2026, 16:00
Оқылды: 37

Халық таңдау жасайтын тарихи күн

«Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады. Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс.» 

Қасым - Жомарт Тоқаев

image-21-07-26-03-38 (1)

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетіні баршамызға мәлім. Жоғары өкілді органның құрамына партиялық тізім бойынша 145 депутат сайланып, олардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2026 жылдың 23 тамызына  тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен  өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік  жоспарына сай Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы да жұмыстарын атқаруда.

Қазіргі таңда  Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қызу дайындық жұмыстарын жүргізуде.  Аудан бойынша 1 аумақтық, 24 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс атқарады. Аудандық сайлау комиссиясында 7 мүше, учаскелік сайлау комиссиясларында 144 мүше бар.

Құрылтай сайлауы өтетіні жөнінде 9 елді мекенде тұрғындарды ақпараттандыру бағытында 12 жерге баннерлер ілінді және радио тораптары арқылы хабарламалар берілуде.  Жалпы күнтізбелік жоспарға сай ауданының аумақтық комиссиясының және учаскелік комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы және аудан аумағындағы  учаскелерінің шекаралары туралы хабарламалар аудандық «Жаңарған өңір» газетінде, аудан әкімдігінің «Құрылтай - 2026» бөлімінде және ауданның аумақтық комиссиясының әлеуметтік фейсбук парақшасында жарияланды. Қоғамдық жерлерде аудиожазбалар, бейнероликтерді көрсету орындары ұйымдастырылды. Тұрғындарды барынша хабарландыру бағытында әлеуметтік желілерге  жөніндегі хабарламалар жариялануда.

Сайлау алды үгітті жүргізу кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2026 жылғы 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 18:00 сағаттан кейін басталады және 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын яғн  2026 жылғы 2 тамыз алады.

Учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, яғни 2026 жылғы  7тамызынан кешіктірмей, азаматтардың тізімін танысу үшін ұсынады.

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 26 бабында  «Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімдері сайлаушыларға өздері туралы деректермен танысу үшін дауыс беру күнінен он бес күн бұрын ұсынылады. Аудан тұрғындары өздерінің азаматтар тізіміне енген-енбегенін және дауыс беретін учаскесін анықтау үшін аудан әкімдігінің call-орталық телефоны 8(71141)21-4-39-ға қоңырау соғып, Құрылтай сайлауына дейін де тексеруге мүмкіндіктері бар.

Учаскелік комиссиялар дауыс беру уақыты мен орны туралы шақыру билеттерін кемінде он күн бұрын, яғни 2026 жылғы  12 тамызынан кешіктірмей жеткізеді.

Сайлауға 23 тамыз күні тұрғылықты жері бойынша дауыс беруге қатыса алмаса, есептен шығару куәлігін ала алады. Есептен шығару куәлігі 7 тамыздан бастап 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін өзінің тіркелген сайлау учаскесіне жазбаша өтініш негізінде жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткенде беріледі. Есептен шығару куәлігін сенімхат бойынша өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесіне дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

Барлық сайлау учаскесі мемлекет меншігіндегі ғимараттарының бірінші қабаттарында орналасқан, санитарлық  және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай.

Керекті құрал жабдықтармен толықтай қамтылуда. Ғимарат алдындағы ақпараттық тақталармен, телефондар және компьютерлермен жасақтау, резервтік электр қондырғыларымен жабдықтау және автокөлікпен қамту атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асуда. Осы жұмыстардың тиісті мекемелермен орындалуы жөнінде отырыстар өткізіліп, атқарылып жатырған жұмыстар назарға алынған.

Ақпараттық стендтер барлық учаскелерге жасалып берілді. Мүгедектігі бар адамдардың тізімі аудандық әлеуметтік бөліммен салыстыра отырып нақтыланды. Оларға кедергісіз дауыс беруге толық мүмкіндіктер жасалынатын болады. Аудан орталығында тұрғындарды сайлау учаскелеріне жеткізу үшін дауыс беру күні тегін жүретін қоғамдық маршруттар ұйымдастырылып, мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі  қарастырылатын болады.

Ішкі істер бөлімі барлық комиссияларға полиция өкілдерін бөліп, әр учаскенің тәртіп мәселесі қадағалауда болады. Полиция өкілдері дауыс беретін орындарға тек учаскелік комиссия төрағасының шақырумен учаскедеде болу мүмкіндігі бар.

Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары тиянақты атқарылуда.

Ел болашағы үшін  Құрылтай сайлауының маңызы зор. Сайлауға қатысу – азаматтық парыз.

Жанболат Бақтыгереев,

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале