26.07.2026, 12:00
Оқылды: 87

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы тасымалдау процестері цифрландырылады

Ақорданың хабарлауынша, XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге екі ел арасындағы тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, логистиканы цифрландыруға және көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған озық жобалар таныстырылды.

1784999621_IMG_6192

Фото: akorda.kz

Мемлекеттер басшыларына өнімнің шыққан жерін растайтын цифрлық таңбалау жүйесі, тасымалдауға қатысушыларға арналған «Smart Cargo» бірыңғай цифрлық платформасы және көлік ағынын жасанды интеллект көмегімен үздіксіз талдайтын «AI Jol» жобасы жан-жақты баяндалды. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук сыртқы сауданың тиімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.

Жиын барысында президенттерге теміржол, автокөлік және әуе қатынастарын дамыту шаралары мен шекарадағы көлік өткізу пункттерін екі тараптан бірдей жаңғырту перспективалары да таныстырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале