27.07.2026, 16:00
Оқылды: 9

Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі

Жазғы демалыс - балалар үшін қуанышты кезең. Алайда дәл осы уақытта жазатайым оқиғалар қаупі артады, - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды. 
9245a3189e344c23790579994a564770_1280x720

  ТЖМ ескертеді: балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.

Балалардың сіріңке мен оттықпен ойнауына жол бермеңіз. Отпен ойнау өртке әкелуі мүмкін.

Терезелерді жабық ұстаңыз немесе арнайы терезе бекіткіштерін орнатыңыз. Масаға қарсы тор баланы құлаудан қорғамайды және жалған қауіпсіздік сезімін тудырады.

Су айдындарында демалған кезде балаларды үнемі бақылауда ұстаңыз. Тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз және баланы су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.

Балаларыңызды қорғаңыз - олардың қауіпсіздігі ересектердің жауапкершілігіне байланысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале