
Сурет: istockphoto.com
Ол жағажайда демалған кезде ағзадағы су мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру маңызды екенін де атап өтті. Ол үшін қарбыз, қауын, шие, шабдалы, жүзім, киви және қызыл түсті жидектерді таңдауға болады.
Сонымен қатар, ланч-боксқа ақуызға бай өнімдердің бірін салған жөн. Мысалы, тунец, мидия, анчоус, сардина, тауық еті, асшаян, ветчина, ірімшік, жұмыртқа немесе албырт балығы жарайды. Охеданың айтуынш, негізгі астың арасында балмұздақ жеуге де болады.