28.07.2026, 10:30
Оқылды: 9

Жағажайға қандай тағам алып барған дұрыс?

Диетолог Пабло Охеда жағажайдағы демалысқа қандай тағамдар апарған дұрыс екенін айтты. Охеданың айтуынша, бәліш пен шамадан тыс өңделген өнімдердің орнына жағажайға тіскебасар ретінде жаңғақ, кокос, қияр, қызанақ, сәбіз, зәйтүн, болгар бұрышы мен корнишон алып барған дұрыс. Диетологтың сөзінше, бұл қытырлақ тағамдар ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі - деп жазды Massaget.kz тілшісі.

Summer picnic food scene. Top view with blanket over a green lawn background. Picnic basket, fruit, salad, sandwiches and snacks.

 Сурет: istockphoto.com

Ол жағажайда демалған кезде ағзадағы су мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру маңызды екенін де атап өтті. Ол үшін қарбыз, қауын, шие, шабдалы, жүзім, киви және қызыл түсті жидектерді таңдауға болады.

Сонымен қатар, ланч-боксқа ақуызға бай өнімдердің бірін салған жөн. Мысалы, тунец, мидия, анчоус, сардина, тауық еті, асшаян, ветчина, ірімшік, жұмыртқа немесе албырт балығы жарайды. Охеданың айтуынш, негізгі астың арасында балмұздақ жеуге де болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале