27.07.2026, 18:00
Оқылды: 5

Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық: учаскелік комиссия мүшелеріне семинар өтті

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты «Құрылтай депутаттарын сайлауын өткізу кезінде учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Оған 120 аумақтық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
image-27-07-26-04-41-2 (1)
Ең әуелі мектеп акт залында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев жиынды ашып, Құрылтай жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді. Содан соң, жиналғандар тізім бойынша 6 топқа бөлінді.
image-27-07-26-04-41 (1)
«Дауыс беруге сайлау учаскесін дайындау және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» бойынша БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Райымбек Нұрекешов, «Сайлаушылар тізімдерімен және есептен шығару куәліктерімен жұмыс және сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету» жөнінде Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  Арсен Бисенғалиев, «Сайлау күні сайлау учаскесін ашу және сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру мен үй жайдан тыс жерде дауыс беру» туралы БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Фархат Хайретдинов, «Байқаушылармен, сенімді тұлғалармен және БАҚ-пен өзара әрекеттесу» бойынша Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасанов, «Кейстерді талдау» бойынша Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бекет Нығметов және «Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау» жөнінде БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арман Жиенғалиев лекция мен практикалық тұрғыда жұмыстар жүргізді.
image-27-07-26-04-41-1 (1)
Түстен кейін «Batys IT» ЖШС директоры Эльмира Құсмурзиева «Дауыс беру күні» атты іскерлік ойынын ұйымдастырып, Фархат Лаврұлының жетекшілігімен қорытынды тестілеу өтті. Семинар соңында қойылған сауалдарға жауап беріліп, көтерген бастамалар елдің тұрақты дамуы мен берекелі болашағына негіз болатыны айтылды.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале