28.07.2026, 15:15
Оқылды: 13

Шыңғырлау аудандық полициясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы түсіндірілді

Қоғамдағы заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқық қорғау органдары қызметінің негізгі басымдығы. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру мақсатында Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлеріне арналған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру бойынша түсіндіру мақсатында оқу сабағы өткізілді.

image-28-07-26-01-31
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Полицияның жедел басқару комитетінің нұсқауына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту және кәсіби жауапкершілікті күшейту болды.
Оқу сабағында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, заңдылықты бұлжытпай сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында әрбір полиция қызметкерінің заң талаптарын қатаң ұстануы халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыратын маңызды фактор екені айтылды.
Іс-шара барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен сыпайы әрі мәдениетті қарым-қатынас орнату, қызмет барысында кәсіби этика талаптарын орындау мәселелері де кеңінен талқыланды. Құқық қорғау саласында қызмет ететін мамандар үшін бұл талаптардың барлығы халыққа сапалы қызмет көрсетудің және құқықтық мемлекеттің қағидаттарын орнықтырудың маңызды негізі болып табылады.
Аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Сергей Астафьев өз сөзінде заңды сақтау әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң теңдік пен тәртіптің кепілі екенін баяндады.
"Бүгінде құқық қорғау органдарының жұмысы тек құқық бұзушылықтың алдын алумен ғана шектелмейді. Ол – заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау жолындағы жауапты міндет. Сондықтан құқықтық білімді жетілдіру, қызметтік тәртіпті нығайту және кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған осындай оқу-түсіндіру шараларының маңызы зор", - деп атап өтті.
Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінде алдағы уақытта да жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік тәртіп пен кәсіби мәдениетті нығайтуға бағытталған оқу-семинарлары мен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Сара Әділ
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале